ТМД ынтымақтастығы аясында әскери қарым-қатынастарын дамытуда басты әуе қауіпсіздік қорғанысының бірлескен жүйесін жетілдірудің бағыты айқындалды

"Әскери саладағы басты бағыт әуе қауіпсіздігі қорғанысының бірлескен жүйесін жетілдірілуі айқындалып, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізіп, қолдағы бар әскери-техникалық қатынастарды сақтап, оны дамыту керек ", -деді Д. Ахметов.

Ол атап өткеніндей, отырыстың барысында 18 мәселе талқыланып, оған қорғаныс министрлер кеңесінің жоспары, алдағы жылы ТМД елдерінің бірлескен әуе күштерінің шараларын өткізу мәселесі қаралды. "Сондай-ақ ТМД елдерінің қорғаныс күштерінде бірлескен байланыс жүйесін құру концепциясының іске асырылуы талқыланып, әуе арқылы су және жердегі нысандарды анықтау мен ұшу дайындық тәсілдері мақұлданды.

Ахметов атап өткеніндей, "қауіпсіздің және ынтымақтастық қарым- қатынастар тұрақтылығы мәселесін, бірлесе отырып қана шешуге болады". "Біздің келесі кездесуіміз алдағы жылдың бірінші жартысында Бішкекте өтетіні жөнінде уағдаластық", - деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті