ТМД және Балтық елдерінің кинематографистері көрермендердің жүрегін жаулап алды

Қыркүйектің 12-19-ы аралығында Анапада ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің ХІХ ашық кинофестивалі өтіп жатқанын ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.

«Биылғы «Киношок» фестивалінің ТМД және Балтық елдерінің кеңістігіндегі кино өнеріндегі ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге және дамытуға қолдау болатындығына сенімдімін», деп атап көрсетеді Сергей Лебедев өз жолдауында.

Естеріңізге сала кетейік, «Киношок» фестивалі РФ Президентінің Әкімшілігі мен РФ Үкіметінің қамқорлығымен және ТМД Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының, РФ Мәдениет министрлігінің, Краснодар өлкесінің әкімшілігі мен Анапа курорт-қаласының қолдауымен өтуде.