Зерттеуге сәйкес, Өзбекстанда биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында АҚШ доллары 6,68 процентке қымбаттады (980 сомнан 1 045,48 сомға дейін).
Бұл тізім бойынша екінші орында 2,39 проценттік өсіммен (2,9565-тен 3,0271-ге дейінгі) Тәжікстан, үшінші орында 0,74 проценттік өсіммен Беларусь (2 156-дан 2 172-ге дейінгі) тұр.
Түрікменстанда доллардың ресми бағамы 5 200 манаттан өзгерген жоқ. Басқа посткеңестік елдерде бағам төмендеді. Әзербайжанда 0,35%-ке ( 4 923-тен 4 906 манатқа дейін), Украинада 0,47%-ке ( 5,3315-тен 5,3065 гривенге дейін), Эстонияда 1,14%-ке ( 12,4096-дан 12,268 кронға дейін), Латвияда 1,29%-ке (0,541-ден 0,534 латқа дейін), Литвада 1,84%-ке (2,7621-ден 2,7114 литке дейін), Ресейде 2,34%-ке (29,4545 -тен 28,7655 рубльге дейін), Қырғызстанда 5,52%-ке ( 44,1902-ден 41,7526 сомға дейін), Молдовада 5,74%-ке (13,22-ден 12,4613 лейге дейін) арзандады. АҚШ доллары мейлінше арзандаған елдер санатына үш ел қосылды: Қазақстанда бағам 8,47%-ке (144,22-ден 132 теңгеге дейін), Арменияда - 10,91%-ке (566-дан 504,27 драмға дейін), Грузияда 11,93%-ке (2,075-тен 1,8275 лариге дейін) арзандады.
Тәуелсіздігі мойындалмаған, өз валютасы бар Приднестровье Молдова республикасында доллардың ресми бағамы 6 процентке өсті (7,5-тен 7,95 рубльге дейін).