ТМД-дағы жалғыз неміс театры Оралда гастрольмен жүр

ТМД аумағындағы жалғыз неміс театры оралдық көрермендерге 20 сәуірден бері комедия, рок-мюзикл, трагедиялық поэма, драмалық балладаларын ұсынуда. Соның бірі Б.Брехтің «Шығарып тастау және ереже» («Исключение и правило») шығармасы бойынша қойылған спектакль неміс тілінде жүріп, орысшаға синхронды аудармамен беріледі. Бағдарламада балаларға арналған қос спектакль бар, оның бірі - ағайынды Гримдердің ертегісі бойынша сахналанған «Бремен музыканттары».

Неміс драма театрының гастролі 27 сәуірге дейін созылмақ.