ТМД-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлерінің кеңесі бірқатар маңызды мәселелер бойынша қолайлы шешімдер қабылдады - Украина СІМ

Мәселен, "кеңес қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнген қауіп-қатерге қарсы тұру және есірткі тасқынына қарсы күрес шаралары жөніндегі ұсынысты қабылданды",- деді К.Грищенко. Ұйымдасқан қылмыспен және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіретін арнаулы бюро құру мәселесі, сондай-ақ, есірткі және прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес шараларын үйлестіруші құрылымдық бөлімшелер құру мәселелері шешімін табады.

Бұған қоса Қазақстанның бастамасымен халықаралық лаңкестік қаупі ушыға түскен қазіргі ахуалды ескеру негізінде ТМД құрылымдарын жаңалау мәселесі де сыртқы істер министрлері кеңесінің қарауына ұсынылды.
ТМД-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлерінің кеңесінде сондай-ақ 2006-жылды ТМД елдерінде Чернобыль апатын еске алу жылы деп жариялау жөніндегі Беларусь, Ресей және Украина республикаларыынң бастамасы мен Ұлы Отан соғысының 60 жылдық мерейтойына орай ТМД мемлекет басшыларының халықаралық қауымдастыққа арнаған мәлімдемесінің жобасы талқыланып, мақұлданды.
Сонымен қатар ТМД-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлерінің кеңесі трансшекаралық өзендер проблемасы бойынша Душанбе қаласында халықаралық конференция ұйымдастыру туралы шешімді бекітті.
"Жалпы алғанда, отырыс өзара ықпалдастық және нақты нәтижеге қол жеткізуге деген ниеттестік ахуалында өтті",- деді К.Грищенко.