ТМД-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлерінің кеңесі Достастық елдері үшін өзекті проблемаларға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы тарапынан басымдық беруді өтінді

Оның айтуынша, "мәлімдеме оң сипатта". "Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы тарапынан Достастық елдері үшін маңызды бүкіл мәселеге басымдық берілуін қалаймыз",- деді ол.

"ТМД елдері тұтастай алғанда ұйымды сынап-сөгіп отырған жоқ",- деді ол. Ұсыныстар бүгінде біздің елдер үшін айрықша өзекті проблемаларға, оның ішінде қауіпсіздік, экономика, әлеуметтік және басқа да саладағы нақты тәжірибелік ынтымақтастыққа назар аудару туралы болмақ,- деді ол.
ТМД-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлері кеңесінің пайымдауынша, бұл "қазіргі өзара пікірталасқа жақсы арқау бола алады".