"Кеңесті құру ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекетаралық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік және өңірлік билік органдарының нақты жобалар жасау және оларды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-әрекеттерін үйлестіруге септігін тигізбек. Бұл Достастық елдерінің аймақаралық және шекаралық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қызмет етуге тиіс", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңес ынтымақтастықтың басымдық берілген бағыттарын айқындап, келісімге қол қоюшы мемлекеттердің өңіраралық және шекаралық ынтымақтастығына қатысты тәжірибелік және тұжырымдамалық мәселелерді қарап дәйектеуге тиіс.
Сонымен бірге кеңес ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар дайындаумен шұғылданады, оларды әріқарай мемлекет басшылары кеңесінің, үкімет басшылары кеңесінің және ТМД аясындағы салалық ынтымақтастық органдарының кеңестері қарайды. Сондай-ақ, кеңес келісімге қатысушы мемлекеттердің өңіраралық және шекаралық ынтымақтастығына қатысты мәселелерді нормативтік-құқықтық реттеу жөнінде ұсыныстар дайындау функциясы да жатады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті