О.Өксікбаевтың айтуынша, сессия аяқталғанға дейін тағы бірнеше құжатқа, соның ішінде бюджет қаржысының жұмсалу тиімділігін қадағалауды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылады.
Сондай-ақ, ҚР есеп комитеті төрағасының айтуынша, Кеңестің бұған дейінгі сессиясында ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары іс-қызметінде қолданылатын терминдер тізімі әзірленген. О.Өксікбаевтың хабарлауынша, осы жолғы сессияда аталмыш тізім де қабылдануы мүмкін. Мұндай тізімді қабылдауға түрткі болған басты себеп - соңғы кездері Достастық елдерінің есеп палаталары арасында "бірлескен бақылау шараларын жүзеге асыру тәжірибесі қалыптаса бастауы болмақ". Осындай шараларды "бір арнада тоғыстыру үшін біртұтас терминдер тізімін жасау қажеттігі туындады",- деді Қазақстанынң есеп комитетінің төрағасы.