ТМД-ның кеден қызметтерінің жетекшілері ынтымақтасудың әр түрлі аспектілерін 9-маусымда Иркутскіде талқыламақ

"Бұл кеңес салалық ынтымақтасудың анағұрлым нәтижелі органдарының бірі болып отыр. Оның ішінде кедендік рәсімдеу процедураларын бірегейлендіру және оңтайландыру, тауарлар контрабандасына жол бермеу, сыртқа сауда айналымы мен мемлекеттердің бюджетіне түсетін кедендік баж алымдарының көлемін арттыру шаруалары істелді", деді сейсенбіде журналистерге Иркутскіге шығар алдында ТМД-ның атқарушы хатшысы Сергей Лебедев.

Оның хабарлауынша, алдағы отырыста Достастыққа қарасты 11 мемлекеттің кеденшілерінің өз ара ынтымақтасуына қатысты 15 мәселе қаралмақ.