"Бүгінгі кезде болған оқиғаның себеп салдарын анықтайтын комиссия тағайындалып, оның қорытындысы бойынша көмек көрсетудің көлемі анықталады", - деп атап өтті И. Фадеева. Ол сондай- ақ, "ТНК "Қазхром" АҚ басқармасының төрағасы Виктора Тилдің сөздеріне сілтеме жасай отырып , "зардап шеккенге толық көлемде медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіледі"деп айтты.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы жылдың 18 наурызында "Қазақстанның онжылдық тәуелсіздігі " атындағы шахтасының забойында жүргізілген жарылыс жұмыстары кезінде 12 сағат 30 минутта шахта-құрылыс цехының жарылыс жасаушысы 49 жасар Юрий Кихтенко жарақаттанды.
Бүгінгі кезде екі көзі жарақаттанған жұмысшы облыстық ауруханада жатыр. Оның денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда деп бағалануда.