"Төбеміз көкке жеткендей қуанып жатырмыз": Блогер-ұстаз мұғалімдердің тестін алып тастаған Тоқаевқа алғыс айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның сөзінше бұл жаңалық мұғалімдер қауымының көптен күткен жаңалығы болған.

"Президентке рахмет, мына тест деген бәле болған еді. Жауаптары бір-біріне өте ұқсас болатын. Оқығанда жауапты табу қиын болатын. Сол ОЗБ-ға қаншама есіл ақша кетті. Қаншама мұғалім категорияларын ала алмады. Кейде жауып тастайды, тіркеліп те үлгермейсің.

Сондықтан тестілеуді алып тастағандарыңыз үшін, мың да бір рахмет. Төбеміз көкке жетіп, қуанып жатырмыз", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен алынып тастағанын мәлімдеген еді. Аталған жаңалық ұстаздар тарапынан жоғары бағаланып, көпшілік бастаманы қуана қабылдап жатыр.