"Тобыл" аяқдопшылардың "Достастық кубогындағы" алғашқы ойынын Өзбекстанның "Бунёдкор" клубымен өткізеді

Онда Қазақстан чемпионатының биылғы жеңімпазы "В" тобында Өзбекстанның "Бунёдкор" (Ташкент), Латвияның "Сконто" (Рига), Арменияның "Мика" (Ереван) клубтарымен ойнайды. Онда Қостанайдың "Тобылы" 15 қаңтарда "Бунёдкормен", 16 қаңтарда "Микамен," 18-і күні "Сконтамен" кездеседі.

Қазақстандықтар бұл байрақты бәсекеге әзірлікті Түркияда өткізбек. Алғашқы оқу-жаттығу жиыны Анталияда 19 желтоқсанда басталды. Бас бапкер Равиль Сабитов оған 20 футболшыны байқауға шақырған болатын. Бүгін олар алғашқы жиынды аяқтайды. Келесі басқосу мұнда 5 қаңтарда басталады деп жоспарланып отыр.