Ал келесі күні олар аталмыш жарыста ел намысын қорғау үшін ұшақпен Антальядан Санкт-Петербургке («Анталья - Мәскеу - Санкт-Петербург») ұшып келеді.
Алғашқы жиын 19-27 желтоқсан күндері өткен болатын. Онда қостанайлықтар 4 жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойындарда Подольсканың "Витязь" клубынан 0:2 есебімен ұтылып, Набережный Челновтың "КамАЗ" (Ресей) клубын 2:1, Түркияның "Тепотспор" командасын 12:2 есебімен жеңіп, тағы бір ресейлік клуб Воронеждің "Факелімен" (Воронеж) 1:1 есебімен тең түсті. Онда клуб басшылығымен байқауға шақырылған 20 футболшының арасынан "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы Александр Петухов пен Астананың "Локомотив" футбол клубының легионері Владе Лазаревскимен келісім-шарт жасасқан еді. Бас бапкер Равиль Сабитовтің бұл жиынға шақырғандарының арасында Абдулин, Заречный және Евстигнеев жоқ.