"Тобыл" футбол кубогы Түркияда жолдастық кездесу өткізді

Равиль Сабитовтың тәлімгерлері онда қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді. Бүгін клуб басшылығы байқауға шақырылған "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы Александром Петухов пен Астананың "Локомотив" футбол клубының легионері Владе Лазаревскимен келісімшарт жасасты.

Бұл жиынға "Ақтөбеден" - 9 , "Локомотивтен" - 2, "Шахтер", "Атырау", "Ертіс," "Ордабасыдан" бір-бірден және легионер ойыншылардан 5 футболшы шақырылған болатын. 19 желтоқсанда басталған "Достастық кубогы-2011" жарысына әзірлік кезінде қостанайлықтар алдағы уақытта тағы 3-4 жолдастық кездесу өткізбек. Қазақстан чемпионы бұл "Достастық кубогында" Риганың "Сконто" (Латвия), Ереванның "Мика" (Армения) және Ташкентті "Бунедкор" (Өзбекстан) клубтарымен бірге "B" тобында өнер көрсететін болады.