Тобыл станциясындағы вагондардың бірінде азот қышқылының аққаны байқалған

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 маусым сағат 05.30-да Қостанай облысының Таранов ауданының Тобыл станциясында №3012 жүк пойызының №22304232 вагонында азот қышқылының тамшылап аққаны байқалған (минутына 60 тамшыдан).