ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ: Қызылорда облысының құрамасы ел чемпионатында бірінші орынды еншіледі

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 тур бойынша өткізілді. Қызылорда облысының құрама командасы 4 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль олжалап, жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді. Екінші орында - Шығыс Қазақстан облысы, үшінші орында - Ақтөбе облысы.

Жекелей сында классика түрінен 14 жас қыздар арасында Ұлдана Махамбетамин (Қазалы ауданы), 10 жас қыздар арасында Аружан Сыдықбекова (Қызылорда қ.), блицтен 12 жас қыздар арасында  Жұлдыз Садықбек (Қызылорда қ.), 10 жас ұлдар арасында Мектепхан Елесуінов (Сырдария ауданы) жеңіс тұғырынан көрінді.

 Блицтен 14 жас ұлдар арасында Бейбарыс Нұрғабыл (Жалағаш ауданы) мен 12 жас қыздар арасында Жібек Қамал (Қызылорда қ.) күміс жүлдені иеленді.


Классикадан 14 жас қыздар арасында Нұрсұлу Маханова, 12 жас қыздар арасында Балнұр Айжарық (Қызылорда қ.), 12 жас ұлдар арасында Бексайыр Айтмаханов пен блицтен Дінислам Өткелбай (екеуі де Қызылорда қ.), 10 жас қыздар арасында Нұрай Мектепхан (Сырдария ауданы) үшінші орынды еншіледі,-делінген хабарламада.