Тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды

12 қазанға дейін жалғасатын додаға Астана, Алматы қалалары, БҚО, ОҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарынан 78 спортшы (42 ер, 36 әйел) бақтарын сынауда. Олардың 1-еуі Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 10-ы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22-і спорт шеберлері, 34-і спорт шеберлігіне үміткерлерлер болса, 11-і І-спорттық разряды бар спортшылар.  


Қатысушылардың арасында өткен айда ғана Астана қаласында өткен IV Әлем чемпионатында ел  намысын қорғаған спортшылар да бар. Жарыс 9 турдан тұрады.