Төгілген кофе Сербия президентінің Ватиканға ұшқан ұшағының Белградқа оралуына себеп болды


Бұл туралы РТС сербтік телеарна ұшқыштар баяндамасына сілтеме келтіре отырып мәлімдеді.

Баяндамаға сәйкес, президенттік ұшақтың екінші ұшқышы Боян Зорич құралдар панеліне кездейсоқ кофе төгіп алған. Ол төгілген кофені салфеткамен сүрте бастағанда апаттық қозғалтқышқа тиіп кетіп, қозғалтқыштардың бірі өшіп қалған да, ұшақ биіктікті жоғалта бастаған. Экипаждың мәліметі бойынша, әуе кемесін бақылау тез қалпына келтірілді. Дегенмен, Белградқа қайта оралу туралы шешім қабылданған. Б.Зорич уақытша жұмыстан шеттетілді.