“Тоғыз құмалақ” ойынының атын ауыстыру үшін депутаттар қанша күн ойланды екен? - Айгүл Орынбек

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Қазақстанда басқа “проблема” қалмапты ғой!

“Тоғыз құмалақ” ойынының атын ауыстыру үшін депутаттар қанша күн ойланды екен?

Соттар мен тергеу органдары Адам құқығын езіп, таптап жатқанын бұлар көрмей отыр ма?
Көрмегендей кейіп танытып отыр ма?

Құқықтары тапталып, Әділетті Қазақстанды іздеп жүрген ағайындар!

Парламентте отырған мәжіліс депутаттарына барыңыздар!

Сіздердің аманаттарыңызды арқалап, парламент мінберінде сол үшін отырғой!

Ерлан Кошанов мырза!

Парламент мінберінде көтеретін мәселе қалмады ма?”, - деп жазды заңгер.