Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл жолы әншіні танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы оңбай сынады.
"Мынауың кәдімгідей қуғанда да қуады екен! Бұған өткен жылы тойда ішіп алып, қырғын шығарды дегенде болысқан едім (онда да "Балқия" әні ұнағаны үшін). Сөйтсем бәрі бекер екен.
Бүкіл әлемдік порталға шығуың құтты болсын! Бұны жақсылап тексеру керек екен. Айттым ғой қазақты құртатын 4 дерт бар: ішімдік, есірткі, ойынқұмарлық және әсіредіншілдік!
Хиджаптың ішінде де небір сұмдықтар жүр! Так что, олай екіжүзділікпен өмір сүргенше, қара жамылмай-ақ Адамша өмір сүргеніміз әлдеқайда жақсы", - деп жазды журналист.