Той иелері Мақпал Жүнісованы тақырға отырғызып кетті

Бұл туралы “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Мақпал Жүнісованың аңғалдығы бүгінде басына сор болып жабысқан-ды. Қазақтың қуанышына ортақтасып, әнімен шашу шашқан халық әртісін той иелері тақырға отырғызып кеткен.

“Тойға барып өлеңімді айттым. Бірақ қонақтармен суретке түсемін деп жүріп қаламақымды алуды ұмытып кетіппін. Ақшамды алмағаным үйге келген соң бірақ есіме түсті. Қоңырау шалсам, ана кісі телефонды алмайды. Көп рет хабарластым. Ақыры ақшаны бермей кетті”, – дейді Мақпал Жүнісова.


Бұдан кейін халық әртісі де қарап қалмаған. Алаяқ жайлы ақпарат іздеуге кіріскен. Нәтижесінде алданғанына көз жеткізген. “Әлгі адам туралы сұрастырғанымда, олардың алаяқ екенін білдім. Алты айдан бері әншілерді алдап келген екен. Өстіп адамдарды жынды қылады екен”, – дейді ол. Алаяқтарға алданғандардың қатарында Нұр-Мұқасан дуэті де бар.