«ТойBestStar» ұсынады


«Менің балалық шағымның аспаны», «Жау жүрек мың бала», «Адасушы», «Ликвидатор» фильмдері арқылы көрермен көзайымына айналған Әбдіғаппаров билегенде алдына жан салмайды. Кино әлеміндегі жолын комедия жанрынан бастап, қылмыстық рөлдерді сомдаған актер басқа да өнерімен көрерменді тәнті етпек. Ал, басында тігіншілікті ермек етіп, соңғы уақытта танымал жұлдыздарды сахналық киімммен қамтамасыз етіп жүрген Берік Исмайыловтың тағы қандай өнері бар? Танымал актер мен сәнгердің ашылмаған қырларын, айтылмаған сырларын сенбінің кешінде көріңіздер.