Той-бизнестің арқасында біздің жұлдыздар жақсы қалыпта болуда

Бірде ол өзі туралы күллі елге жар салу туралы шешім қабылдап, елімізде жаңа серпіліс туындатқан “SuperStar.kz” шоуына қатысты. Дәл осы шоу жас жігіттің республикалық деңгейдегі әнші болуына мүмкіндік берді.

Ал жақында ал “Silk Way Star” халықаралық байқауында екінші орынға ие болып, бүкіл елдің назарын тағы да өзіне аудартты.

Айқын Төлепберген қалай өмір сүруде? Эстрададағы «фонограмма» турасындағы көзқарасы қандай және неге қазақтың тойбизнесін толықтай қолдайды?

Белгілі әнші осы туралы Caravan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

- “Silk Way Star” халықаралық байқауынаналған әсеріңіз туралы ой қозғасаңыз...

- Байқаудың өзі мен үшін үлкен тәжірибе болды. Көптеген ел тұрғындары конкурстың көрсетілімін тамашалады. Мен екінші орынға ие болдым. Және бұл шығармашылықтағы жаңа бір кезең болды десем қателеспеймін. Біріншіден, халықаралық конкурста жүлделі орын алудың өзі бір мәртебе. Екіншіден, мен өзге қатысушылардан көптеген қызықты және пайдалы тұстарды, атап айтқанда шығармашылық идеялар мен креативті дүниелерді таптым. Мысалы, өзімнің жаңа әнімді мен өзбек композиторынан «алдым». Біз бірге көпшілікті еліктіретіндей ән жаздық. Жаңа шекараларды ашу деген осы болар.

- Біздің елімізде «фонограмма» үрдісінің кеңінен белең алуының себебі неде деп ойлайсыз?

- Себебі отандық әртістер кірісінің 90 пайызы жеке іс-шаралардан түрлі тойлар мен үйлену кештерінде және сондай бағыттағы жиындарда өнер көрсетуден түседі.

Ал ондай кештерде әртіске ерекше талаптар мен белгілі бір мақсаттар қойылмайды: айлап дайындалудың, әдепті және ерекше әдемі ән айтып өзіңді барынша көрсетудің қажеті жоқ. Бастысы халықтың көңілін көтеру.

Біздің әуендер өзгере бастағанын мойындаған дұрыс. Көпшілігі «тойға», халықты билетуге бағытталған. Онымен қоса музыкалық индустрияда өзгеретіні хақ. Музыкантқа деген, оның ішінде жандыдауыста орындаушыға талаптар азайды. Халықты жанды дауыста не фонограмма көмегімен айтып тұрғаның қызықтырмайды. Бастысы жеке келіп мерекелік көңіл күй сыйласаң болғаны. Фонограмма көмегімен не жанды дауыста айтып тұрғаныңды тыңдап отырғанда анықтай алатын талғампаз тыңдарман- кейбір меломандар болмаса...

Ал әншілердің фонограмма көмегімен жеке концерттерін беруі мүлдем дұрыс емес. Егер өз кешіңді өткізсең, онда дыбыстың жүз пайызға жанды болғаны абзал. Әрине бұл сенің дауысыңмен қатар, құрылғыларға да байланысты.

Сонымен қатар, өз әндеріңді ретімен айтып қана қоймай, көрермендермен қарым-қатынас жасау да өзінше бір маңызды тұстардың бірі. Вокалдық өнеріңмен бірге, актерік шеберлігіңді де байқату керек.

Бірақ, қазір осы тұрғыда жақсы үрдістер қалыптасып келеді. Тойлардың өзінде жастар жанды дауысқа ерекше ден қояды. Олар тез ажырата алады және оларды оңайлықпен алдай алмайсың. Бұл үрдістің бес жылдан кейін бұдан да нығая түсетініне сенімім мол. Сонда фонограмма көмегімен айтып жүргендер үлкен аудитория жинай алмайтын болаы. Жанды дауыстағы орындаушылардың дәурені орын алады.

- Той-бизнес турасындағы ойыңызды айтсаңыз? Өзіңіз тойлар мен үйлену кештерінде өнер көрсетесіз бе?

- Әрине өнер көрсетемін. Мен былай айтар едім: Той – бизнестің арқасында біздің эстрадамыз жақсы физикалық қалыпта сақталуда.
Өзбекстан және Қырғызстанмен салыстырғанда, бізде тойлар жұлдыздарға қаржылай
көмек береді, соның көмегімен біз өз концерттерімізді жоғары деңгейде өткізе аламыз.

Жеке кештерде алған қаламақымыздың арқасында сапалы шоулар жасау мүмкіндігіне ие боламыз. Той-бизнессіз кең көлемдегі концерттер мен көпшілік халықты жинай алмайтын едік.

Сондықтан той-бизнес біздің қанымызға сіңген деп айта аламын. Ол турасында жаман ойда болу, су ішкен құдығыңа түкіру дер едім.

Сонымен қатар, ұжымдық кештер мен үйлену тойлары Ресейде де жақсы дамыған. Немесе, тіпті, Бейонсенің өзі миллион доллор төлесеңіз еш қиындықсыз сізге келе алады.

- Қазір таңда қазақстандық шоу -бизнесте әмбебаптық белең алуда. Әншілер актер, ал актерлер-жүргізуші, өз кезегінде жүргізуші -продюссер бола кетеді. Осы орайда, күндердің бірінде біз Айқын түскен жаңа фильмнің тизерін көре аламыз ба?

- Мен мұны дұрыс деп деп ойлаймын. Шығармашылық адамы бір бағытта ғана тұрақтап қалмауы тиіс. Әртіс түсінігінің өзі әмбебап ұғымды береді. Ол сахнада өзін еркін сезіне алатын, көпшілік көрермендермен байланыс жасай алатын адам.

Өз ортасында еркін көсіліп, әзілдесіп, ән айтып, би билеп, ал көпшілік алдында өзін көрсете лмайтын адамдар бар. Қарапайым талантты адамдар мен әртістердің айырмашылығы осында, себебі өз ісінің маманы кезкелген жағдайда салқынқандылықпен көпшілікті жоғары деңгейде басқара алады.

Бірақ басқа жағынан қарасақ, сол әмбебаптықтың салдарынан біз барлық жерде бірнеше ғана тұлғаларды көрудеміз.

Ал, киноға келетін болсақ, мен қазірдің өзінде фильмдерге түсіп жүрмін. Алда не боларын көре жатармыз. Бір қызықтың болары анық.

- Болашақта продюссер болу жоспарыңызда бар ма?

- Болашақта ондай ойлар бар. Бірақ, әркім өз ісімен айналысқаны дұрыс деп ойлаймын. Режиссер – режиссерлікпен, продюсер – продюсерлікпен. Осы тұрғыда, эстрада саласында продюсер болу мен кино саласында продюсер болу екі бөлек. Біріншісіне келер болсақ, қазір өзімнің «Айқын Төлепберген» атты жобама продюсерлік етумен айналысудамын. Ал, екіншісін уақыт көрсете жатар.

- Егер сізге ерекше ұсыныстар түссе, жұмыс бабымен уақытша шетелге көшуіңіз мүмкін бе?

- Шынымды айтсам, ол туралы тіпті ойламаппын. Жұмыс бабымен уақытша қоныс аударуды түсінемін. Бірақ, екінші жағынан қарасақ менің барлық етжақындарым осында. Маған «Неліктен шетелге көшіп, дамуыңызды сонда жалғастырмайсыз?» деушілер де жоқ емес.

Ал, ресейге көштім делік, ары қарай қайтпекпін? Онда көшкен соң тек орыс тілінде ән айтуға тура келеді. Ал менің ондай қызығушылығым жоқ, азиаттық түрімді есепке алсақ тіпті келіспейтін сияқты(күлді).

Осыдан он жыл бұрын берген сұхбатымда, біздің әртістерге Шығысқа қарай көз тастау керек деген болатынмын. Ресей немесе Батысқа қарағанда, біздің Қытайда үлкен жетістіктерге жету мүмкіндігіміз әлдеқайда жоғары.

Осы сөздерімнің бірден–бір дәлелі – Димаш. Сондықтан біздің жұлдыздарымызға ағылшын не орыс тілін емес, қытай тілін үйрену қажет. Бірақ, өзіндік ерекшелігі мен ұлттық қндылықтарымызды жоғалтпауымыз керек. Егер біз қытай немесе орыс тілінде ән айтатын болсақ, біздің ұлттық мәдениетімізді кім танытпақ?

Сондықтан шетелге көшіп, олардың ығына жығылғанша, сол елде өз әуендерімізді қалықтатуыммыз керек.