Тойдың көкесі «Тойbeststar»-да болмақ


«Ғарышкер» қос сұлу Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаева жат планетаға өздерімен бірге Сейфуллин Жолбарысты да ала кетіпті. Онда белгілі әнші өз дауысын жоғалтып алып, марс тұрғындарынша ән салады. Ал әйгілі сықақшы Толымбек Әлімбекұлы қазақтың қара шайын қалай баптап ішу керектігін үйретеді. Анель Арынова болса, улы жыландармен бірге суға түседі. Бұл күні тықылдақ Маржан да КТК-да қонақта. Ендеше, аптаның мерекелік қызығын жіберіп алмаңыз. Ертең кешкі 19.45-те «Тойbeststar»-ды тамашалаңыз!