Тойға 300 адамнан артық шақыруға тыйым салынбақшы

Оның 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енетіні туралы айтылып жатыр, деп жазады "Замана" басылымы.

Бұл Заң жобасын Парламентке елдің Әділет министрлігі ұсынған. Онда бекітілген талап бо­йынша, енді Өзбекстанда тойлар таңғы сағат 6 мен кешкі 11-дің аралығында өткізілуі тиіс. Яғни иесі оны таңғы 6-да өткізе ме, түскі 12.00-де немесе 16.00-де бастай ма – бәрібір, тек 23.00-ден кейін өткізбеуі керек. Ал тойға шақырылатын қонақтар саны 300 адамнан аспауы тиіс. «Гулянкадағы» автоколоннада 3 көліктен артық болмауы керек. Тәртіп бұзғандарға, мейлі ол үй иесі бола ма, ұйымдастырушы әйтпесе мейрамхананың, банкет залының қожайыны бола ма, бәрібір, әрқайсысына заңда көрсетілген көлемде айыппұл салынады. Бірінші рет қолға түскендер 700 доллар айыппұл төлеуі тиіс болады. Ал екінші мәрте ұсталғандар 1200 доллар шығынға күйеді.

Мұндай шектеулер Өзбекстанмен көршілес Тәжікстанда осыдан 12 жыл бұрын 2007 жылы ендірілгені белгілі. Тәжікстанда бүгінде бұл заң талабын бұзғандарға 680 доллар көлемінде айып­пұл салынады. Ал заң бұзушы адам лауазымды тұлға болса, ол 1500 доллар мөлшерінде айып­пұл төлеуі тиіс.