"Тойота камри 80": Жүрсін Ерманның блогер шәкірттері ақынның мерейтойына су жаңа көлікті тарту етті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев ақынның мерейтойына шәкірттері атынан "Тойома камри 80" көлігін тарту ететінін мәлімдеді.

"Тойота камри 80 деген автокөлікті арнайы алып келіп тұрмыз. Біз бұл тұлпарды Алматыдағы компаниялардың бірінен сатып алдық. Айтыстың жанашыры Қайрат Сахан бауырымыз Жүрсін ағамызға автокөлік сатып алып жатсаңдар, менің де шашуым болсын деп, бағасын түсіріп, осы темір тұлпардың кілтін қолымызға ұстатты.

Құрметті ұстаз, сіз баптаған, сіз дайындыған, шырақтай жарқыратқан, сіз бұлақтай сарқыратқан қазақтың айтыс ақындарының атынан, шәкірттеріңіздің атынан темір тұлпардың кілтін ұстатуға рұқсат етіңіз", - деді ол.