Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістанға барады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Шахбаз Шарифпен және президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды". - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.