Тоқаев Ақордада Италия президентін қарсы алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ресми сапармен келген Италия президенті Серджо Маттарелланы қарсы алды.

Салтанатты шара кезінде екі елдің басшысы алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды. Ал құрметті қарауыл сап түзегеннен кейін Италия мен Қазақстан әнұрандары шырқалды.

Ақордада алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.