Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.