Тоқаев Бектеновке маңызды тапсырма берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ,елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажет шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар, онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды.