Тоқаев Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді», — деп жазды Ақорданың ресми дереккөзі.