Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ, Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін де Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдады.