Тоқаев қазақстандық ғалымдарды марапаттады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Атап айтқанда, 4 ғалым "Парасат", 15 адам "Құрмет" орденіне ие болды.

Бұдан бөлек, 6 маманға "Ерен еңбегі үшін" медалі берілсе, тағы 2 ғалымға "Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағы табыс етілді.

"Парасат" орденімен

"Құрмет" орденімен

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

"Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағы берілсін