Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын лауазымынан босатты

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме дасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Ол бұл лауазымға 2020 жылғы қарашада тағайындалған болатын.

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысы болып Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев тағайындалды.

Мереке Көшекбаевтың өмірбаяны

1997 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін, 2007 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясын бітірген.

Генерал-майор Мереке Көшекбаев әскери училище курсантынан бастап "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі қызмет жолынан өтті. Әр жылдары жауынгерлік даярлыққа жауапты лауазымдарда қызмет атқарды. Бірнеше әскери бөлімге қолбасшылық етті, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болды.

2020 жылғы қаңтарда "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2023 жылғы қарашада Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы қызметіне тағайындалды.

2024 жылғы қарашада Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды.

"Даңқ" және II дәрежелі "Айбын" ордендерімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Автор: Caravan.kz