Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Үкімет бұл заңнамалық актілерді Мемлекет басшысының сәулет және құрылыс саласындағы қатынастарды реттеуді жетілдіру, сондай-ақ, саланың жүйелі мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірлеген.