Тоқаев пен Путин энергетика саласындағы ықпалдастық туралы сөйлесті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремль сайты хабарлады.

"Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Владимир Путин сондай-ақ Ресей-Америка келіссөзінің барысына өз бағасын берді", - делінген хабарламада.

Президенттер алдағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеудің маңыздылығын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде осыған орай өтетін салтанатты іс-шараларға қатысады.