Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты айыптады

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, 2024 жылы 15 мамырда қарулы белгісіз біреу Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға бірнеше рет оқ атты. Саясаткердің үш жерінен оқ жарақатын алғаны, қазір ауруханада ауыр жағдайда жатқаны белгілі.