Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барады

22-23 тамыз күндері Қазақстан президенті Тәжікстан республикасына мемлекеттік сапармен барады. , деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды. Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады Ақорда.