Тоқаев Тәжікстанға ұшып барды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.

Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.