Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 1 сәуірдегі "Түркі инвестициялық қорындағы Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Түркі инвестициялық қорының Басқарушылар кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері болып мыналар тағайындалды:
басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров;
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.