Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлады Ақорда.
"Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады", - делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар, премьер-министр Олжас Бектенов, ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.