XXI ғасырда заманауи қоғам әйелді «екінші», «үшінші» деп бөле алмайды - саясаттанушы

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның «тоқал институтын заңмен реттеу керек» деген сөзі қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Сарапшылардың пікірінше, бұл кездейсоқ мәлімдеме емес, жаңа идея да емес. Мұндай ұсыныстар жиырма жылдан бері айтылып келеді. Содан бері жыл сайын БАҚ беттерінде қайта көтерілуі қалыпты жағдайға айналды. Сондықтан «дәстүрлі құндылық» деген теріс пікір қалыптастыруы мүмкін. Caravan.kz медиа порталының тілшісі жалғастырады.

Бұрын бұр ойды «дәстүрді сақтау» деп түсіндіруге тырысатын дейді саясаттанушы Борис Поломарчук. Ал қазір "екінші әйелдердің құқықтарын қорғау» деген түсінік шықты. Саясаттанушының пікірінше, мұндай бастамалардың астарында мүлде басқа мақсат жатыр. 

«Шын мәнінде, бұл әйелдерді қорғау емес. Бұл теңсіздікті заңмен бекіту. Әйелді ер адамның қалауына байланысты «бірінші», «екінші» немесе «үшінші» дәрежеге бөлу. Әйел абыройын әлеуметтік мәртебеге айналдыру», — дейді саясаттанушы Борис Поломарчук.

Мәселені бұрмалап көрсетуге болмайды дейді маман.

«Әйелдер мен балалардың құқықтары «тоқал институты заңдастырылмағандықтан» емес, қоғамда ер адамдардың жауапкершілігі төмен болғандықтан, әйелдердің құқықтық қорғалуы әлсіз болғандықтан және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың деңгейі жоғары болғандықтан бұзылып отыр», - деп ашып жазды ол. 

Әйелдерді шынымен қорғау үшін келесі ұсыныстарымен бөлісті. 

- Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдарды күшейту.

- Алимент төлемейтін ер адамдарға қатысты жауапкершілікті қатайту.

- Жалғызбасты аналардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

- Әйелдердің экономикалық тәуелсіздігін дамыту.

- Қоғамдық сана мен ағартушылық деңгейін көтеру.

«Ал дәстүр туралы айтатын болсақ, әйелді кемсітетін немесе төмендететін дәстүр ешқашан құндылық бола алмайды. Ондай дәстүр - өткеннің сарқыншағы, атавизм. XXI ғасырда заманауи қоғам әйелді «екінші», «үшінші» деп бөле алмайды. Біздің әйелдер - ақылды, еркін, мықты. Егер біз өзімізді дамыған мемлекет деп санайтын болсақ, онда ешқандай заң әйелді екінші сортқа айналдырмауы тиіс», - дейді маман. 

Мұндай идеяларды бүгін тек жекелеген тұлғалар, яғни депутаттар, шенеуніктер, дін өкілдері немесе сарапшылар ғана айтып жүр. Дәл осы тұлғалар қоғамдағы пікір мен күн тәртібін қалыптастырады. Егер бұл әңгіме жылдар бойы жалғаса берсе, бір күні байқамай, осы идеяның «қалыпты», тіпті «қабылданған» көзқарасқа айналып кеткенін көруіміз мүмкін. 

«Сол кезде бұл күлкілі емес, қорқынышты болуы мүмкін», - дейді саясаттанушы Борис Поломарчук.