Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына орай Токио көшелерінде Қазақстан мен Жапонияның тулары ілінді.
Сапар аясында Император Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысады.