Токио Олимпиадасы: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір өкілі жартылай финалға шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәкеннің қарсыласы - Габриэль Эскобар 1996 жылдың 22 шілдесінде Испанияның Леганес қаласында дүниеге келген. Бүгінге дейін құрлықтық додаларда жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Әзірге дүниежүзілік деңгейде жүлде алған жоқ. Бүгінгі жекпе-жекте Сәкен қарсыласымен тартысты жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде Пуэрто-Рикодан келген Янкиель Ривераны 4:1 есебімен жеңсе, одан кейін франциялық Биллал Беннамнан 5:0 есебімен басым түсті.


Айта кетсек, бұдан бұрын жартылай финалға Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) шыққан болатын.