"Түрлі БАҚ-тар Қазақстанның 10 азаматы, соның ішінде 8-і оқиға орнында, 2-і ауруханаға жеткізер жолда қаза тапты деп хабарлады. Бірақ мен бұл ақпараттың шынайы емес екендігін ресми түрде мәлімдеймін. Қазір мен ауруханада отырмын және бас дәрігер ауруханада ешкім қайтыс болған жоқ деп мәлімдеді. Сөйтіп, қаза тапқандар саны сегіз адам болды: алты әйел және екі ер адам. Қаза тапқан үш Қазақстан азаматының аты-жөні анықталды, қалғандарының аты анықталу үстінде", - деді М. Қаратаев.
Оның айтуынша, қаза тапқандардың бірі Токмак қаласының азаматы, ол "Мерседес 220-Е" көлігінің тізгінінде болған.
Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 00 сағат 15 минутта Бішкек - Торугарт тас жолының 65-ші шақырымында ішінде 49 жолаушы отырған "СЕТРА" автобусы батыс бағытта сағатына 150 шақырым жылдамдықпен келе жатып, Токмак қаласын айналып өтетін айналма трассада Дунларов атындағы көпірдің қарсы бетінде жолдың қарсы бетіне шығып кету салдарынан "Мерседес 220-Е" көлігімен соқтығысты.