"Жандар Ержанов 307 баптың 4 тармағы бойынша аса ауыр жағдайды тудырып, қызметін асыра пайдаланғаны үшін және ҚР Қылмыстық кодекстің 324 баптың 2 тармағы бойынша яғни ұрлау, кемсіту, ресми құжаттарды, мөрлерді өзінің жеке немесе басқа пайдасы үшін жасырды деген айып тағылды. Жалпы ол төрт жылға бас бостандығынан айрылып, үш жылға ішкі істер органдарында қызмет жасауға тыйым салынып барлық әскери шендерінен айрылды ", -деп хабарлады сот хатшысы.
Сот үкімін бұздыру туралы шағым заң бойынша белгіленген мерзім ішінде беріледі.
Сот хатшысының ақпараты бойынша, осы іске қатысты айыпталып отырған Төлеби АІІД криминалды полиция бөлімінің бастығы Сухриддин Рұстамовқа іздеу салынып, оған қатысты жеке іс қозғалды.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Ж. Ержанов Төлеби АІІД бастығының қызметін уақытша атқарған кезде былтырғы жылдың қараша айында Маятаста төрт жастағы баланы зорлау оқиғасына байланысты, адамдар арасында жаппай тәртіпсіздік орын алды.
Ж. Ержанов пен С. Рұстамовқа зорлау оқиғасына қатысты қылмыстық істі қозғамай,тәртіпсіздіктерге жол бергендері үшін және қылмысты жасырғандары үшін айып тағылды.