Көрмеге 50 автордың түрлі жанрдағы 100 жұмысы қойылған. Сондай-ақ, фотопейзаждар мен портреттерді де тамашалауға болады. Мәселен, О. Ионовтың "Үндістан-Қазақстан", И. Петраковтың «Тағылымдылық», К. Мьюирдің «Бәйтерек: Қазақстан рухын сезін» фотожұмыстары авторлардың позициясы мен Қазақстанның әлеуметтік, мәдени және қазіргі өмірін көрсетеді. Сонымен қатар, фотосуретшілердің ішкі құмарын спорттық сюжеттерден де көруге болады. Мұнда суретшілер сезімнен түңілуге дейінгі, мұңаюдан қуаныш-шаттыққа дейінгі адамға тән бүкіл эмоцияны толығымен берген. Оны Ф. Сайфуллиннің «Мәреге жақын қалды», «Екпін», А. Рахымованың «Меже» атты түсірілімдерінен байқауға болады. Олардың жұмыстарының сюжеттері өмірдің қызығы мен шаттыққа бөленген оптимизмге толы. Суретшілердің айтуынша, түсірілген әр бір сәт - қайталанбас сәтке айналады.
"Фотосуретшілердің ең жақсы көретін тақырыптарының бірі - анимализм, олар онда көбінесе жылқыға айрықша көңіл бөледі. Фотошеберлер арғымақтарды спорттық жарыста, аламан бәйгеде, «Көкпар» ойынында кез келген қырынан көрсете білген. Оларды В. Горбуновтың «Көкпары» мен «Бәйгесінен», Л. Черновтың «Жігіттерінен» тамашалауға болады",-деді Орталық көрме залының директоры Әсел Өміршина. Оның айтуынша, дәлдікті бейнелілікпен ұштастыру сияқты сирек берілетін қасиет көрмеге қатысқан әрбір суретшінің бойында бар.
Шара барысында байқаудың көркем және шығармашылық қоғамдастық өкілдерінен құралған қазылар алқасы жұмыстарды іріктеп, «Кәсіпқой», «Юниор және әуесқой» категориялары бойынша байқау жеңімпаздарын анықтайтын болады. Ең мықты деген туындылардың авторлары арнайы дипломдармен марапатталады.