-Жап есікті, әпкем-ау жүктілігіңізге неше апта болды?
-38 апта болды.
Аяғы ауыр әйелдердің үшеуі де Жуалы ауданындағы Ертай ауылының тұрғындары. Елді-мекеннің жолдарын қар басып, екі күннен бері көлік қатынасы тұралап қалыпты. Құтқарушылардың жол талғамайтын машинасының арқасында толғағы қысқан келіншектер перзентханаға дер кезінде жеткізілген. Төтенше жағдай қызметкерлері дене қызуы көтерілген алты айлық сәбиге де көмек көрсетті. Анасы екеуін аудандағы орталық ауруханаға жеткізіп тастаған.