“Толғатып босанған оңайырақ екен” Мадина Сәдуақасова қатты мазалап жүрген сырымен бөлісті

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Соңғы кездері ешнәрсеге зауқым жоқ, көңіл күй де біресе былай , біресе былай құбылады , ән, фотоссесия , клип , интервью, Инстаграм түгілі, өмір түгіл өзімді де білмеймін “ болып жүрдім. В общем , шет жағасымен бөліскім келіп тұр сіздермен. Өмірімде сонша анализ тапсырып көрмеппін / гормон, витамин, т.б , олардың миллион түрі бар екенін , шынымды айтсам , осы жасқа келіп , бірінші рет білдім )
Врач мамандардың та түрлісіне жолығады екенсін. Содан кейін , препараттардың түр түрін , күніге тоқтатпай салады / 14 күн…
Жаным шықты демей ақ қояйын, бірақ 9 ай құрсағыңда бала көтеріп , толғатып босанған оңайырақ екен , шын …
Аяғында , ешқандай нәтиже шықпағанды біліп , тіпті шашылады екенсің ( Алладан тілеп , бұндай өте қиын жолмен перзентті дүниеге әкелген барлық аналарға , отбасыларға бас идім . Ал , мен болса , енді тағы бұндай қиындықтардан өте алмаймын - ау , Аллам берген бір ұл , Әнуарымыз аман болсын , уақыт бар ғой әлі , Алла Тағала біздерге тағы перзент сүюді жазар. Ал мен есімді жиып , жан жағыма қарап , жұмысқа кірісейін." - деп жазды әнші.