Жүзеге асырылған жұмыстар нәтижесінде еліміздегі тіркелген қылмыстар саны 28,7 процентке артты, деді З.Тұрысбеков. "Бұл дегеніңіз, еліміздегі әрбір үшінші қылмыс тіркелмегенін көрсетеді",- деді ол.
Министрдің айтуынша, еліміздегі қылмыстық ахуалдың тұрақтылығы жағдайында ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны арта түсті. Алайда, бұл "жасалған қылмыстар санының артуына емес, оларды толыққанды тіркей бастауға байланысты",- деді З.Тұрысбеков. Оның айтуынша, соңғы бес жылда республиканың құқық қорғау мекемелері адамдардың жоғалуына байланысты 72 деректі тіркемеген. Ал былтыр прокуратура кісі қолынан қаза тапқан 20 адамды табиғи өлімге душар болған адамдар ретінде тіркеу оқиғасының бетін ашты, деді ол. З.Тұрысбековтың хабарлауынша, осындай деректер үшін ІІМ-нің 237 басқарушы қызметкері , соның ішінде үш облыстық ІІБ-ның басшылары жаза жүктеді.
Министрдің айтуынша, қылмыстар санының ең жоғары деңгейде арту көрсеткіштері мынадай облыстарда тіркелді: Павлодар облысында 82%-ке, Атырау облысында 76%-ке, Шығыс Қазақстан облысында 56%-ке, Ақмола облысында 37,8%-ке өсті.
Тіркеу барысындағы өсім ұрлық қылмыстарының есебінен артты. Жалпы өсім құрамында бұл қылмыстардың үлес салмағы 51 процентті иемденеді. "Әшкереленбеген қылмыстардың 70 процентін ұрлық құрайтындықтан, қылмыстың бұл түрін тіркеуге тәртіп сақшылары құлықсыз болған",- деді министр. З.Тұрысбековтың пікірінше, полицияның жұмысын қадағалаудың жаңа үрдістерін қолданысқа енгізу қажет. Мәселен, әрбір 10 мың адамға шаққандағы қылмыс саны секілді көрсеткішті қолданысқа енгізуге болады, ал қылмыстардың бетін ашу көрсеткішін әрбір қылмыс түрі бойынша жеке қарастыруға болады.